Сәрсенбі, 13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

13 Сәуір 2022, 06:45
1351
Бөлісу:
Сәрсенбі, 13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 13 сәуірде болуы мүмкін ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Тек еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары қысымды алқаптың әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте – дауыл, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Алматы облысының күндіз шығысында найзағай күтіледі, солтүстік-шығысында жел 18-23, екпіні 29 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с жетеді. Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы 15-20, күндіз 23 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай, тұман, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде күн күркірейді, тұман түседі, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, тұман түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақтөбе облысының шығысында тұман, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы