Дзюдошы Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте үш саты жоғарылады

13 Сәуір 2022, 03:17
1373
Бөлісу:
Дзюдошы Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте үш саты жоғарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық дзюдошылар ішінде Жансай Смағұлов жоғары орында орналасқан. Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 10-орыннан 7-орынға көтерілген. Қазіргі таңда Жансайдың еншісінде 2698 ұпай бар. 

Айта кетерлігі, Анталия татамиінде 73 келіде белдескен ол жарысты бесінші орында аяқтаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы