Монополистермен күрес. «ҚазМұнайГаз» бен «ҚТЖ» компанияларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

13 Сәуір 2022, 15:38
2372
Бөлісу:
Монополистермен күрес. «ҚазМұнайГаз» бен «ҚТЖ» компанияларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Асқар Кішкембаев департаменттің есеп беруі кезінде айтты. 

«ҚазМұнайГаз» АҚ сұйытылған мұнай-газын өткізуге қатысты тергеу жүргізілді. Оның қызметінде сұйытылған газды көтерме сату кезінде жоғары монополиялық бағаны қоюы анықталды. Қазіргі таңда зерттеудің материалдары департаментке бағытталды. Айыппұл саны 20 мың АЕК-ден асады. Айыппұл 63 млн теңге көлемінде есептелді. Монополиялық табыс 655 млн теңге болып отыр. Мемлекетке түсетін қаражат 718 млн теңге болады. Қаңтардағы оқиғалар осы сұйытылған газдың қымбатшылығы себебінен басталды. Тексеруге басты себеп осы оқиғалар болды. Департамент бұл ірі жеткізушінің жұмысына қатысты жұмыс жүргізілді. Қазір тергеу материалдары департаментке жіберіліп, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Асқар Кішкембаев. 

Оның айтуынша, өндірісте тағы бір ірі компанияға қатысты жаңа тергеу басталды. 

«ҚТЖ-жүк тасымалы» компаниясына қатысты монополиялық жағдайды пайдалануға қатысты «Кәсіпкерлік туралы» Кодекстің 174-бабы бойынша тергеу процедуралары басталды. Сонымен қатар «ҚТЖ» АҚ ҰК-ға қатысты тергеу басталды. Ол нарықтың жеке субъектілеріне жеңілдіктер мен өзге артықшылықтарды ұсынуға қатысты қызметін жоғары пайдаланған. Бұл бәсекеге қабілетті өзге тараптарға қолайсыз жағдай туғызады, - деді ол. 

Кішкембаев атап өткендей, «ҚТЖ» еншілес компаниясы «Қамқор Локомотивке» қатысты тергеу басталды. 

Олар да монополиялық жағдайларын асыра қолданған. Осы тергеулер бойынша материалдар сотқа жіберіледі. Олар бойынша әкімшілік жаза қарастырылып, айыппұл салынады, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы