Алматыда 2 адам қар көшкінің астында қалып қойды, оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр - ТЖД

13 Сәуір 2022, 14:59
1623
Бөлісу:
Алматыда 2 адам қар көшкінің астында қалып қойды, оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр - ТЖД

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖД-і қар көшкіні астында қалып қойған екі адамды іздеу жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді.

13 сәуірде сағат 13:28 минутта  Алматы қаласының 109 құтқару қызметінің жедел кезекшісіне Медеу ауданы, Тұйықсу жоғары таулы аймағында  «Молодежный» шыңында  қар көшкіні түскені туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала ақпарат бойынша Көшкін астында 2 адам қалып қойған.

Алғашқы іздестіру-құтқару жұмыстарына  109-құтқару қызметінің  құтқарушылары жұмылдырылған. Сонымен қатар қазіргі уақытта Алматы қаласы ТЖД басшылығымен 6 адам, 2 техника, ҚР ТЖМ РЖҚЖ-нен 7 адам, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп, Қазселденқорғаудан 3 адам 1 бірлік техника, 109 Құтқару қызметінен 5 адам 2 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп жұмылдырылды. Барлығы 26 адам, 6 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп жұмылдырылды,-делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖД Қазгидромет РМК дауылды ескерту негізінде 2022 жылдың 9-13 сәуірінде таудағы көшкін қаупі туралы хабарлама жіберген болатын, қала тұрғындары мен қонақтарына байланыс абонеттерінен  - sms,  Дәрмен мобильді қосымшасы және қаланың медиабордтары арқылы алдын ала ескертілді.
 

Өзгелердің жаңалығы