Қаратау ауданында 2025 жылға дейін 466 көшеге асфальт төселеді – Шымкент

13 Сәуір 2022, 02:28
1254
Бөлісу:
Қаратау ауданында 2025 жылға дейін 466 көшеге асфальт төселеді – Шымкент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаратау ауданында 2025 жылға дейін 466 көшеге асфальт төселеді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.

Қала басшысының сөзінше, алдағы төрт жылда ауданда ұзындығы 441,2 шақырым жолға асфальт төселеді. Ал, өткен жылы 61 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.

Жалпы бүгінде Қаратау ауданында барлығы 1272 көше бар, оның 11-і магистралды, ал 1261-і ішкі орамдық көше.

Өзгелердің жаңалығы