Назарбаев  әуежайына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

13 Сәуір 2022, 15:53
2565
Бөлісу:
Назарбаев  әуежайына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Асқар Кішкембаев департаменттің есеп беруі кезінде айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға қатысты монополиялық жоғары бағаларды пайдаланғаны үшін тексеру жүріп жатыр. Әуежайда ішкі және сыртқы ұшулар бойынша  жолаушыларға қызмет көрсету бағасының жоғарылығы үшін тергеу жүргізілуде, - деді ол. 

Кішкембаев атап өткендей, әуежай «Кәсіпкерлік туралы» Кодекстің 174-бабының 1-тармағы бойынша тексеріліп жатыр. 

Сондай-ақ Асқар Кішкембаев 2020 жылдан бастап департаментте кедергілермен жұмыс істейтін кеңес бар екенін атап өтті. 

Ол тауарлық нарық пен бәсекеге қабілеттікке кедергілер келмеуін қамтамасыз етеді. Оған бизнес қауымдастық мүшелері, қоғам белсенділері мен сарапшылар кіреді. Олар салалардағы кедергілерді анықтап, карта әзірлейді. Оларды жою бойынша кәсіпкерліктер жұмыс істейді, - деді Кішкембаев. 

 

Өзгелердің жаңалығы