ІІМ қаржы пирамидасына алданған әйелдің өзін өртеп жіберуіне қатысты пікір білдірді

13 Сәуір 2022, 13:41
1670
Бөлісу:
ІІМ қаржы пирамидасына алданған әйелдің өзін өртеп жіберуіне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ведомство ғимаратының маңында қаржы пирамидасы салдарынан жапа шеккен әйелдің өзін өртеп жіберуіне қатысты пікір білдірді.

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және ол шаралар аяқталуға жақын. Сондай-ақ тергеу заңнамалық рәсімге сай өтіп жатыр. Іс аяқталған соң құжатпен жәбірленушілер де, айыпталушылар да танысуы керек. Ол уақытты қажет етеді, - деп атап өтті вице-министр.

Марат Қожаев қазіргі таңда өзін өртеп жіберген әйел ауруханада жатқанын айтты.

Құқық бұзушылардың әрекетінен қандай да бір зиян көрген адамдар әртүрлі психофизиологиялық әсерлерге ұшырайды. Ал жәбірленушілердің бірі тергеу органдарына қысым көрсету мақсатында осындай әрекетке барды деп ойлаймын. Оны дер кезінде өшіріп үлгердік. Қазір жәбірленуші (өзін өртеп жіберген әйел – ред.) ауруханада жатыр. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді ІІМ өкілі.

Сөзінше, бұл іс бойынша 14 адам жауапқа тартылып жатыр. Оның 6-уы қамауда отыр, бірнеше адам үй қамағында. Сол себепті ешкім жауапкершіліктен әділетсіз босап кетпейді.

Еске сала кетейік, сәуірдің 11-і күні әлеуметтік желіде өзін өртеп жіберген әйелдің видеосы тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы