Биыл жаяу жүргіншілердің кінәсінен 88 жол-көлік оқиғасы орын алған

13 Сәуір 2022, 05:48
1706
Бөлісу:
Биыл жаяу жүргіншілердің кінәсінен 88 жол-көлік оқиғасы орын алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖКО-да қаза тапқандар мен жараланғандардың төрттен бір бөлігі – жаяу жүргіншілер.  Жолдағы қауіпсіздікке жаяу жүргіншілер де, жүргізушілер де жауапты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 88 ЖКО орын алды, онда 22 адам қаза тапты, 69-ы жарақат алды. Елді мекендерде барлық ЖКО-ның 72%-ы немесе 1 860 ЖКО болды. Бұл қаза болғандардың 31%-ы және зардап шеккендердің 64%. Назар аударғым келетін тағы бір мәселе – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары. Өкінішке қарай, балалардың қатысуымен 465 ЖКО-ға жол берілді, онда 33 бала қаза тауып, 592 адам жарақат алды. Әдетте, балалар ауыр жарақат алады. Көбінесе жол ережесін білмеу немесе оларды елемеу салдарынан жол  жүріс бөлігінде ойнайтын, белгіленбеген жерлерде көшені кесіп өтетін, көлік құралдарына отыруды және олардан түсуді және т. б. дұрыс орындамайтын балалар жол-көлік оқиғаларына кінәлі болады, - деді полковник.

Спикер 4 сәуірде Қызылорда облысында орын алған оқиғаны мысалға алды. Бала велосипедпен жолға шығып кетіп, оқиға салдарынан көз жұмған. Сондай-ақ елордада жолға жүгіріп шыққан баланы көлік қағып кеткен. 

Тек полицейлер ғана емес, бұл мәселеге бәріміз де назар аударып, балаларды тәрбиелеп, үйретуіміз керек, – деді Атығай Арыстанов.

Өзгелердің жаңалығы