Петропавлда қала іргесіндегі бірнеше саяжай өртенді

13 Сәуір 2022, 11:26
1384
Бөлісу:
Петропавлда қала іргесіндегі бірнеше саяжай өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда қала іргесінде орналасқан бірнеше саяжай қауымдастығы отқа оранды. Құтқарушылар тілсіз жаумен алты сағат бойы арпалысқан. Қызыл жалын шамамен 10 гектар аумаққа жайылып үлгірді. Қатты жел салдарынан оны өшіру оңай болмады, деп жазды Хабар24.

Төтенше жағдай қызметінің өкілдері өрт құрғақ шөптің тұтануынан басталғанын айтады. Әзірге бау-бақшалар ғана емес, бірнеше үйді де жалын шарпығаны белгілі. Қазір оқиға орнында 12 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 70-тен астам құтқарушысы жұмыс істеп жатыр. 

101 телефонына қоңырау кешкі сағат 4-тен 40 минут кеткенде түсті. Қатты желдің салдарынан өрт саяжайға жайылып кетті. Қазір коммуналдық қызмет бізге су жеткізу бойынша көмек көрсетіп жатыр. Үйлердің арасымен өту мүмкін емес. Себебі олар бір біріне жақын орналасқан. Сондықтан осындай қиындықтар болып жатыр, - деді облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Марат Сыздықов.

Өзгелердің жаңалығы