Жамбыл облысында гранаталар мен 200-ден астам оқ-дәрі табылды

13 Сәуір 2022, 09:55
2359
Бөлісу:
Жамбыл облысында гранаталар мен 200-ден астам оқ-дәрі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Жамбылдық полицейлер 6 қару, гранаталар және 200-ден астам патрон тапты.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 6 қару, 3 граната, 5 оқ жатар, резеңке таяқ және 216 патронды анықтап тапты.

Қару-жарақтың ішінде граната атқыш, шолақ және тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, МР-355 тапаншасы, соғыс, газ және жарық-шу гранаталары, тапаншаның 5 оқ жатары және әртүрлі калибрлі 216 патрон болды.Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы