Сауда комитеті азық-түлік бағасының қымбаттау себебін айтты

13 Сәуір 2022, 12:59
2276
Бөлісу:
Сауда комитеті азық-түлік бағасының қымбаттау себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар  Әбілдабеков айтты.

Ол Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады.

ФАО мәліметтері бойынша наурыз айында әлемдік бағалар келесідей көрсеткіштерге дейін жетті. Атап айтсақ, жылдық мәнде бағалар 34 пайызға өсті. Және наурыз айында ғана бағаның өсуі 12,6 пайызды құрады. Мысалы, өсімдік майларының бағасы 56,1 пайызға, дәнді дақылдар 37,3 пайызға, сүт өнімдеріне 23,6 пайызға және қантқа 22,6 пайызға өсті. Азық-түлік инфляциясының өсуі көрші елдерде де байқалады. Мәселен, Ресейде азық-түлік инфляциясы наурыз айына дейін 18 пайызды ал Өзбекстанда 14,4 пайызды құрап отыр, -деді Сауда комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ Айдар  Әбілдабеков  азық-түлік бағасының өсуі еуропа мемлекеттерінде де орын алып жатқанын айтты.

Франция жылдық мәндегі көрсеткіші бойынша 5,1 пайызға жетіп рекордтық көрсеткішке жетті. Баға өсуінің әлемдік үрдістері қазақстандық азық-түлік бағасының өсуінің сыртқы факторының әсері болады. 2022 жылы баға өсуінің әлемдік тенденциясы негізінен өткен жылдың себептерімен және Украинадағы оқиғаларға байланысты болып отыр. Ресейге қатысты санкцияларға және оған қатысты Ресейдің жауаптарына байланысты бүкіл әлемде азық-түлік жеткізудің белгіленген тізбегі бұзылды. Осының әсерінен жанжал әлемде бытыраңқы азық-түлік дағдарысын тудырды, - деді СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы