Алматы құтқарушылары қар астында қалған адамды тапты

13 Сәуір 2022, 15:45
2551
Бөлісу:
Алматы құтқарушылары қар астында қалған адамды тапты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы құтқарушылары қар көшкіні астында қалып қойған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына дрон ұшырғандарын хабарлады.

Құтқарушылар қар массасынан бір зардап шеккен адамды  шығарып алды.  Алдын ала ақпарат бойынша оның иығы шығып кеткен. Екінші адамды іздеу жалғасуда. Іздестіру жұмыстарына 31 адам, 8 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ, 1 дрон жұмылдырыған,-делінген хабарламада.

Айта кетсек, 13 сәуірде сағат 13:28 минутта  Медеу ауданы, Тұйықсу жоғары таулы аймағында «Молодежный» шыңында  қар көшкіні түскені туралы хабарланды. Алдын ала ақпарат бойынша Көшкін астында 2 адам қалып қойған.
 

Өзгелердің жаңалығы