Қаржы пирамидасы. Mudarabah Capital блогерлерді қандай мақсатпен тартқаны белгілі болды

13 Сәуір 2022, 12:34
2402
Бөлісу:
Қаржы пирамидасы. Mudarabah Capital блогерлерді қандай мақсатпен тартқаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Mudarabah Capital қаржы пирамидасынан жәбір көргендерге қатысты түсінік берді.

Оның айтуынша, «Astex.kz» ЖШС-і, «ACD Technology» ЖШС-і және Mudarabah Capital қаржы пирамидалары өздерін табыс инвестициясы саласында табысты жұмыс істеп жатқан мекеме ретінде көрсете білген. Олар халықтан ақша алу үшін біргіп жұмыс істеу келісімшартын жасасқан. Ал, қаржыны тендр немесе мемлекеттік сатып алу байқауына қатысуға бағыттаған түр көрсеткен.

Бұл компаниялар салымшыларына ай сайын 20 пайызға дейін дивидент төлеуді уәде еткен. Тергеу барысында бұл мекемелердің ешқайсысы тендрге, мемлекеттік сатып алуға қатыспағаны белгілі болды. Ал, дивидент ретінде жаңа салымшылардың ақшасын төлеп отырған. Түсіп жатқан қаржыны арттыру мақсатында аталған қаржы пирамидасына блогерлер тартылған. Осы уақытқа дейін бұл іс бойынша көптеген тергеу жұмыстары жүргізіліп, экономикалық, бухгалтерлік сараптамалар жасалды,-деді Әділов.

Қазіргі уақытта 14 адам қылмыстық іске тартылған. Оған қоса үш блогер күдікті деп танылыпты, оның екеуі кепілзатпен босатылған, тағы біріне халықаралық іздеу салынған. Жақын арада қылмыстық істің қаралуы аяқталып, таныстырылуға беріледі, кейін ол сотқа жіберіледі.

Жәбір көргендерге қаржысын қайтару мақсатында мекеменің Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысындағы  мүліктеріне арест қойлды. Бұл мүліктің барлығы күдіктілер мен олардың туыстарының атына тіркелген. Атап айтсақ, 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 5 жекеменшік үй, 2 көлік және 1 дүкен. Сонымен қатар компанияның шотына да арест қойылды. Бұл мүліктердің тағдырын сот шешеді,-деді ол.

Сондай-ақ ол «GOLD COMPANY LTD» ЖШС-і қаржы пирамдасына қатысты да түсінік берді.

Бұл қылмыскерлер құрамында Қазақстан мен РФ-нің азаматтары болған. Олар халықтың 9 млрд-тан астам теңгесін қолды етті. Алаяқтар жалған инвестициялық жобалар арқылы азаматтарға жоғары табыс табуды уәде еткен. Жалған компания 4 мыңнан астам адамға залалал келтірді. Дегенмен, Ақтөбе облыстық Полиция департаменті қаржы пирамидасының жолын кесе білді. Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілді,-деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы