Павлодар облысында қант бағасын ұстап тұру үшін 500 млн теңге бөлінді

13 Сәуір 2022, 15:16
1448
Бөлісу:
Павлодар облысында қант бағасын ұстап тұру үшін 500 млн теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктың айтуынша, Балалар жылы аясында өңірде өткізілетін іс-шараларға - 1,6 млд теңге, оның ішінде мектеп оқушыларының тегін жол жүруіне - 424,3 млн теңге, тамақтану құнын арттыруға (315-тен 450 теңгеге дейін) – 381,4 млн, балалар үйін күрделі жөндеуге - 296,2 млн, мемлекеттік спорттық іс-шараларды арттыру бойынша 20 мың балаға шығармашылық тапсырыс үшін – 486 миллион теңге, сондай-ақ сирек кездесетін орфандық ауруы бар балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 50,2 млн теңге қарастырылған. 

Тұрғын үйді дамытуға қосымша 1,4 млрд теңге, оның ішінде Павлодардағы бес тұрғын үй құрылысына – 1,3 млрд теңге, Ақсудағы тұрғын үй құрылысының аяқталуына 80,2 млн теңге көзделген. Нәтижесінде ауданы 42,8 мың шаршы метр болатын 687 пәтер пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, қант бағасын ұстап тұру мақсатында «Павлодар «ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорына 1,5 тонна көлемінде сатып алуға 500,8 млн теңге бөлінді, - деді Ирина Назарчук.

Облыс бюджетін нақтылау жобасында республикалық бюджетке пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтаруға байланысты 2021 жылғы жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру және облысты басқару схемасын 4,3 млд теңгеге өзгертумен  өңірлік қазынаны түзетулер ескерілген.

Естеріңізге сала кетейік,  қордағы  қант жарты жылға жетеді, қажет болған жағдайда қосымша сатып алынады. Бағаны анықтау жөніндегі комиссия өнімнің құнын қайта қарауы мүмкін, себебі қантқа сұраныс артқан және «Павлодар» ӘКК АҚ үлкен шығындарға ұшырауда.

Өзгелердің жаңалығы