Ұлттық экономика министрі Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен кездесті

13 Сәуір 2022, 19:00
1578
Бөлісу:
Ұлттық экономика министрі Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылап, сауда қатынастарын дамыту мен нығайтудың едәуір әлеуетін атап өтті. 

ҰЭМ басшысы атап көрсеткендей, Ұлыбритания Қазақстанның негізгі әріптесінің бірі болып табылады. Инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту өзара саудаға елеулі серпін береді. 

Сонымен қатар, министр 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына ұмтылып отырған Қазақстанның «жасыл» бастамаларымен бөлісті. 

Өз кезегінде, Кэти Лич британдық тараптың Қазақстандағы ЖЭК-жобалардың дамуын, елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі СОР-26 мен Париж келісімі мақсаттарын іске асыруға ұмтылысын қолдайтынын жеткізді. 

Кездесу қорытындысында министр британдық инвесторларды ұлттық жобаларды, әсіресе ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы