Үндістанның әскери атташесі қазақстандық бітімгерлердің оқу-жаттығу процесімен танысты

13 Сәуір 2022, 23:23
1387
Бөлісу:
Үндістанның әскери атташесі қазақстандық бітімгерлердің оқу-жаттығу процесімен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның әскери атташесі Алматыдағы Бітімгершілік дайындық орталығына барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Полковник Дирадж Рамананд орталықтың қызметімен және қазақстандық бітімгерлердің оқу-жаттығу процесімен танысты.

 Үндістанның әскери атташесі өткен жылы Үнді тарапының көмегімен жабдықталған Қазақстан-Үндістан бітімгершілік даярлық сыныбының жұмысына ерекше назар аударды. 

Қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына Үнді батальоны құрамында қатысып жатқанын айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы