Энергетика министрі мұнай құбырындағы апатқа қатысты пікір білдірді

13 Сәуір 2022, 13:57
1752
Бөлісу:
Энергетика министрі мұнай құбырындағы апатқа қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Каспий құбыр консорциумы бойынша жөндеу жұмыстары әзірге басталмады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы аптада ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты. 

Сөзінше, қазақстандық делегация Ресейге барып, консультация жүргізеді. 

Ресейлік әріптестеріміз ауа райына байланысты теңіздің түбіне түсуге мүмкін болмай тұрғанын айтып жатыр. Сол себепті олар сәуір айының ішінде бүкіл жұмыстарды аяқтауға бар мүмкіндікті салатынына уәде беріп отыр. Дәлірек айтсақ, жүргізілетін жұмыстар анықталды. Алайда жұмысшылар бригадасы судағы жұмыстарды жүргізе алмай отыр, - деп түсіндірді министр Болат Ақшолақов.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар да керек. 

Сол себепті консультация техникалық мамандар басшылығы деңгейінде жүріп жатыр. Біздің мамандар тиісті кездесу өткізу үшін Мәскеуге барады. Қосымша ақпаратты тағы да хабарлаймын, - деп айтты Энергетика министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Каспий құбыр концорциумына (КҚК) қарасты алып жүретін кемеаялдамалық құрылғының істен шығуын «Ресейдің қолдан жасап отырғаны» туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл нұсқаны Энергетика министрі Болат Ақшолақов жоққа шығарған.

Өзгелердің жаңалығы