Қазақстанда қанша Украина азаматының жүргені белгілі болды

13 Сәуір 2022, 13:45
1427
Бөлісу:
Қазақстанда қанша Украина азаматының жүргені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қазақстанда Украинаның шамамен 3 300-3 400 азаматы жүргені туралы ақпарат берді.

Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты.

Қазақстанда Украинаның шамамен 3 300-3 400 азаматы жүр, - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, украиналықтардың ішінде саяси баспана ешкім сұрамаған.

Бұған дейін ІІМ өкілі Марат Қожаев 2022 жылдың бірінші тоқсанында елге Ресейден 130 мың адам келіп, 120 мыңы шығып кеткенін хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы