«Алтын орда» базарында 1,6 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталды

13 Сәуір 2022, 17:58
1937
Бөлісу:
«Алтын орда» базарында 1,6 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.«Алтын Орда» базарын тексеру аяқталуда. Қандай құқық бұзушылықтар анықталды? Бұл туралы СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар  Әбілдабеков айтты.

Ол «Алтын Орда» Орталық Азиядағы ең үлкен базар екенін, оның аумағы шамамен 28-29 гектарды алып жатқанын атап өтті.

Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша базар қызметіне тексеру жүргізілді.  Салық органдарының өкілдері 1,6 млрд теңгеге заң бұзушылықты анықтады.  Оның 1,1 миллиард теңгеден астамы қазірдің өзінде өтелді.  Ветеринария саласына қатысты да заң бұзушылықтар анықталып отыр. Көптеген нысандар тиісті рұқсатсыз салынған, -деді ол орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айдар Әбілдабековтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда 761 базар болса, оның 515-і азық-түлік базары. Бұл ретте ол еліміздің барлық базарларын заманауи сауда орындарына айналдыру мақсатында жаңғырту жоспарланып отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы