Хатепова бидай мен ұнның қымбатту себебін түсіндірді

13 Сәуір 2022, 14:28
1718
Бөлісу:
Хатепова бидай мен ұнның қымбатту себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл  Хатепова  мәлімдеді.

Әлемдік сұраныста баға жоғары болғандықтан отандық фермерлер елдің ішкі нарығынада сондай бағамен сатқылары келеді. Біржағынан, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің де мәселесін түсінуге болады. Себебі қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстары басталып жатыр. Бұл кезде тыңайтқыштар мен тұқымға және өсімдік құралдарына деген бағаның жоғарлағаны бәрімізге мәлім. Одан бөлек, жанар-жағармай бағалары қымбаттауда. Сондықтан да шаруалар көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізу үшін қазіргі кезде қолда бар бидайларын жоғары бағада сатқылары келеді, - деді Назгүл  Хатепова.

Бұған дейін Назгүл Хатепова 15 сәуірден бастап ел территориясынан ұнды және бидайды экспорттқа шығаруға квота енгізілетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры ішкі нарықта азық-түлік тапшылығы жоқ екенін айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы