Ақмола облысының бес өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

13 Сәуір 2022, 18:30
1557
Бөлісу:
Ақмола облысының бес өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатовтың қатысуымен «Ақмола облысының аумағында су тасқыны кезеңінің өтуі туралы» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Брифинг барысында а.ж. су тасқыны сәуірдің 1-ші онкүндігінде қауырт режимде өткені белгілі болды. Ауа температурасының көтерілуі нәтижесінде елді мекендер мен егістіктерде қар ери бастады. Ең күрделі су тасқыны жағдайы Целиноград, Аршалы аудандарында қалыптасқан. Осыған байланысты а.ж. 1-5 сәуір аралығында облыстың аталған аудандарына департаменттен, Атбасар ауданынан, сондай-ақ республиканың басқа өңірлерінен Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды қаласының 52859 әскери бөлімінен қосымша күштер жіберілді. 

Мәселен, елді мекендерден 1,1 млн. м3 астам қар шығарылды, 800 мың м3 астам еріген су сорылды, инертті материалы бар18,2 мың қап жиналып,  9,2 мың қап төселді, 1,3 км бөгет салынды және нығайтылды, 98 км астам су бұру арналары мен арықтары тазартылды және жайластырылды.

Айта кету керек, ағымдағы су тасқыны жағдайының жалпы көрінісін бағалау, қар жамылғысының болуы мен түсуіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ еріген судың қозғалысы мен жиналу учаскелері мен орындарын және олардан елді мекендерге ықтимал қауіпті анықтау мақсатында облыс басшылығы Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Бурабай, Астрахан және Бұланды аудандары аумақтарының су тасқыны қауіпті аймақтарына аэровизуалды зерттеу жүргізді.

Жалпы, облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тәулік бойы облыстық және өңірлік су тасқынына қарсы жедел штабтардың, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау органдарының және Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында. Тұрақты су тасқыны жағдайына байланысты Зеренді, Бурабай, Біржан Сал аудандары, Степногорск және Көкшетау қалаларында су тасқынына қарсы жедел штабтардың жұмысы тоқтатылды, – деп атап өтті Манарбек Шапағатов.

 

Өзгелердің жаңалығы