Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді

13 Сәуір 2022, 12:15
2505
Бөлісу:
Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу туралы хабарлама жариялады. 

2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ. 

Сонымен қатар, әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар да бар. 

Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы