Сенаторлар ЕҚЫҰ-ның елордадағы кеңсесінің басшысымен кездесті

13 Сәуір 2022, 22:51
1467
Бөлісу:
Сенаторлар ЕҚЫҰ-ның елордадағы кеңсесінің басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед пен сенатор Қайрат Қожамжаров ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде Қазақстан дәстүрлі түрде ЕҚЫҰ-мен іс жүзіндегі ынтымақтастыққа зор мән беретінін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау мен Конституция ережелерін қатаң сақталуына ерекше аударылып отырғанын атап өтті.

Президент таяу болашақта екінші республиканы құру жөніндегі жаңа мақсат белгіледі. Бұл қоғамды түлетудің ауқымды үрдісі. Мемлекетті басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейтуге, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударылып отыр. Біз Қазақстанның орнықты дамуды ілгерілету, қолайлы инвестициялық ахуал және заң үстемдігін, адам құқықтарын нығайту жөніндегі бастамаларын қолдағаны үшін ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесіне алғысымызды білдіреміз, – деді сенатор Құл-Мұхаммед.

Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт өз кезегінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға деген сенімін жоғары бағалады, сондай-ақ БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге орай жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөнінде заңнамалық актілерді әзірлеуге жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.   

Тараптар Орнықты даму мақсаттары мен депутаттық корпустың белсенді түрде атсалысуына қатысты тақырыптарды талқылады. Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы қарарының жобасын әзірлеуді жоспарлап отырғанын, онда ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің 2030 жылға дейінгі кезеңге даму саласындағы күн тәртібіндегі міндеттемелерді орындауы және ОДМ іске асырудың маңызына баса назар аударылатынын атап өтті.

Қатысушылар кездесу қорытындысы бойынша қауіпсіздік секторын реформалауды, көші-қонды басқаруды, энергияның таза түрлеріне көшуді және климаттық және экологиялық дағдарыстармен күреске қоса орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жақсартуға ықпал ететін құжатты бірлесіп әзірлеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы