Түркістан облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

13 Сәуір 2022, 22:29
1468
Бөлісу:
Түркістан облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. Жолаушылар автобусы Audi көлігімен соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды polisia.kz. 

Оқиға бүгін сағат 19:00 де болған. Ішінде 30-ға жуық адам болған Yutong маркалы автобус Шымкент бағытында келе жатып, қарсы жолақ бетіне шығып кеткен Audi көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Автобустың 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталып жатыр, – делінген полицияның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы