Алматы биыл мемлекеттік бюджетке үш триллион теңге аударады

13 Сәуір 2022, 14:41
1734
Бөлісу:
Алматы биыл мемлекеттік бюджетке үш триллион теңге аударады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов осы жылдың 1 тоқсанында шаһардан мемлекеттік бюджетке 929 млрд теңге мөлшерінде салық түскенін мәлімдеді. 

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 153% - ға немесе 322 млрд теңгеге артық.

Оның айтуынша, республикалық бюджетке 675 млрд теңге түскен, бұл 2021 жылға қарағанда 237 млрд теңгеге артық, яғни қарқыны 154%. Ал, жергілікті бюджетке 254 млрд теңге түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 86 млрд теңгеге артық.

ҚР Мемлекеттік бюджетіндегі Алматы қаласының үлесі – 26,7%-ды құрайды. 2021 жылы Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке шамамен 190 млрд  теңге алынды, яғни бұл көрсеткіш біздің қаламыздың түсімінің  бюджетке «донор» екендігін көрсетеді. Бүгін біз белгіленген қарқынды сақтауға міндеттіміз, бұл жағдайда осы жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының мемлекеттік бюджетке түсімі алғаш рет үш триллион теңгеден асатын болады. Бұл біз үшін маңызды оқиға және өзіндік сын-тегеруі болып табылады,-деді Қанат Баеділов.

 

Өзгелердің жаңалығы