Байден Ресейдің Украинадағы әрекетін «геноцид» деп атады

13 Сәуір 2022, 07:48
2082
Бөлісу:
Байден Ресейдің Украинадағы әрекетін «геноцид» деп атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға басып кіруін алғаш рет геноцид деп мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz жазды.

АҚШ Президенті бұл жайында Айова штатына сапары барысында мәлімдеді.

Байденнің айтуынша, Украинадағы қарулы қақтығыс барысында Ресей Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы айуандық әрекетке барған. Байден бұған дейін Ресейдің Украинаға қарсы әскери қимылдарын тек «әскери қылмыс» деп айтып келген болатын. АҚШ басшысы сондай-ақ әлемдегі жанармай мен азық-түлік бағасының шарықтауы Ресейдің Украинаға әскерін кіргізумен байланысты деп атап өтті.

Иә, мен мұны геноцид деп атадым. Себебі Путин украин ұлтын жер бетінен жойып жіберуге күш салып жатыр. Бұған дәлел жетерлік. Өткен аптада Ресейдің Украинадағы айуандық әрекеті әшкере болды. Біз әлі талай сұмдық жайттарға куә болуымыз мүмкін, – деді АҚШ президенті Джо Байден.

Өзгелердің жаңалығы