ШҚО-да марал атқан браконьер ұсталды

13 Сәуір 2022, 14:15
1208
Бөлісу:
ШҚО-да марал атқан браконьер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да марал атқан браконьер ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алтай ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы Бұқтырма су қоймасы Гладковск шығанағындағы Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғынының басқаруындағы Mazda көлігін тоқтатты, көліктің жүк салғышында жабайы маралдың ұшасы табылды. Сондай-ақ көліктен табылған жолаушыдан “ВПО 208л” тегіс ұңғылы аңшылық карабині тәркіленді.

Тергеу амалдары барысында ер адам досынан оны аң аулауға апарып келуін өтінген, аңшылық екі күнге созылды. Ұсталғанның айтуынша, аңға шыққан оларға Марал кездесіп, жануарды атып жарақаттаған. Алайда, жаралы жануар, аңшыдан қашқан. Мақсатына жете алмаған аңшы келесі күні қайта келіп, олжасының ізіне түскен. Бұқтырма су қоймасынан шамамен 15 шақырым жерде қаскөй атылған маралдың ұшасын тапқан. Сол жерден оны атылған жануармен бірге жоғарыда аталған танысы көлігімен алып қайтқан, үйлеріне қайтып бара жатқан оларды полицейлер тоқтатқан.

Жауап алынған 61 жастағы ер адам бұл аңды аулауға тыйым салынғанын біле тұра, заң бұзушылыққа барған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы