«ÁŃGIME» коллекциялық монеталары сатылымға шығады

13 Сәуір 2022, 15:30
1666
Бөлісу:
«ÁŃGIME» коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясынан номиналы 500 теңгелік M.KENBAEV «ÁŃGIME» коллекциялық монеталарының 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап сатылымға шығатынын хабарлайды.

Монеталар kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады. 

М. KENBAEV «ÁŃGIME» монеталарының сипаттамасы:

Монета дизайнында Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, педагог әрі профессор М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген. Материалдарды Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі ұсынды.

«ÁŃGIME» коллекциялық монеталары сатылымға шығады

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, ал жақтауында QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналы, соғылған жылы, монета жасалған металдың салмағы мен сынамасы жазылған. Жоғарғы бөлігінде «M.KENBAEV «ÁŃGIME» (1958)» деген жазу мен Ұлттық банктің тауар белгісі (логотипі) басылған.

Монетаның реверсінде суретші М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген. Композиция түрлі-түсті баспа технологиясымен жасалған.

Монеталар 925/1000 сынамалы күмістен тұрады. Салмағы – 31,1 грамм, сапасы – proof. 500 теңгелік номиналмен 1 500 данасы жасалды.

Өзгелердің жаңалығы