Қаржы пирамидасы. Шетелдік әріптестермен байланыс орнатып жатырмыз – Санжар Әділов

13 Сәуір 2022, 11:56
3478
Бөлісу:
Қаржы пирамидасы. Шетелдік әріптестермен байланыс орнатып жатырмыз – Санжар Әділов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаржы пирамидаларын ұйымдастыратындарды ұстау үшін шетелдік әріптестерімен тығыз байланысты жұмыс істеп жатқандарын айтты.

Оның айтуынша, қаржы пирамидаларын құрушылар өзге елде отырады әрі шетелдіктер болып шығады. Сол себепті халықаралық байланыстар арқылы ондай тұлғалардың тұрғылықты жері анықталып, шетелдегі активтері мен  шоттары, жылжымайтын және жылжитын мүлкінің бары тексеріледі екен.

Алаяқтардың қылмыстық жолмен алынған затының барлығы тексеріледі. Мұндай шаралар өз нәтижесін беруде. Мәселен, «Teletrade D.J.Limited» басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жүргізілген шаралар оң нәтиже берді. Тексеріс барысында аталған компанияның Армения, Латвия, Литва және Ресейде банктік шоттары барын анықтап, 700 мыңнан астам доллар мен 130 мыңдай еуро қаражатына арест қойдық. Сондай-ақ Түркияда қонақүй мен 3 пәтер түріндегі активтеріне арест қойылды. Қазір бұл іс сотқа жіберіліп, қаралып жатыр,-деді ол.

Бұған дейін ол қаржы пирамидалары қандай сөздерді қолдану арқылы халықты өз «тұзақтарына» түсіретінін айтқан болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы