Skills Enbek платформасы басқа білім беру алаңдарымен интеграцияланатын болады

13 Сәуір 2022, 10:10
1534
Бөлісу:
Skills Enbek платформасы басқа білім беру алаңдарымен интеграцияланатын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Skills Enbek платформасы басқа білім беру алаңдарымен интеграцияланатын болады, деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) Мемлекет басшысының қазақстандықтардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қайта даярлау мен жаңа кәсіптерді игеру үшін мүмкіндіктерді кеңейту туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде екі отандық IT-компаниясымен – «Courstore» онлайн-білім беру платформасымен және «WELLDONE Company» онлайн-курстарын әзірлеуші компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық шеңберінде Skills Enbek платформасын пайдаланушылар үшін қысқа мерзімді онлайн курстар базасын интеграциялау және кеңейту көзделеді.

Қазіргі уақытта онлайн-оқытудың бірыңғай алаңын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Күн сайын онлайн білім беру сұранысқа ие бола түсуде. Жылдам өзгерістер жағдайында ол икемді, мүмкіндігінше тезірек өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан біз Skills Enbek өнімін жоспарлы түрде дамытуды жалғастырамыз және оны барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді етуге тырысамыз. Бірнеше білім беру платформаларының интеграциясы азаматтарға әртүрлі бағыттар бойынша сапалы онлайн курстардың кең базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл платформаның сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқыту саласында нағыз бірыңғай терезе болуына мүмкіндік береді, – деді ЕРДО президенті Дәулет Арғындықов.

«Courstore» оқыту мен оқытуға арналған білім беретін онлайн-платформа болып табылады, онда 10-нан астам санат бойынша 60-тан астам курстар ұсынылған.

«WELLDONE Company» бейімделу курсынан бастап корпоративтік онлайн-академияға дейін онлайн курстарды әзірлеу бойынша жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Олардың ішінде Қазақстандағы алғашқы және жалғыз киберқауіпсіздік негіздері бойынша корпоративтік курс «C. Y. B. E. R. Агенттер».

Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қолжетімділік беретін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы болып табылады. Онда кез-келген адам оқи алады және оқу аяқталғаннан кейін Электронды еңбек биржасындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетілетін сертификат ала алатынын естеріңізге сала кетейік.

Іске қосылған сәттен бастап Skills Enbek-те 96 мамандық бойынша 100 – ден астам курс орналастырылған, оның ішінде 60 курс – тегін. Тіркелген пайдаланушылар саны 19 мың адамға жетті, олардың 11 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды, оның ішінде 6 мыңы жұмыссыз адамдар мәртебесіне ие.

Өзгелердің жаңалығы