Қостанайда екі зауыттың құрылысы жүріп жатыр

13 Сәуір 2022, 14:56
2665
Бөлісу:
Қостанайда екі зауыттың құрылысы жүріп жатыр
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайдағы индустрия аймағында шойын құю зауыты және жүк техникасына арналған бөлшектер шығаратын кәсіпорын салына бастады. 

Шойын құю зауытының құрылысы 2023 жылы аяқталады. Ал бөлшектер шығаратын зауыт 2024 жылы пайдалануға берілмек. Бұл кәсіпорында жүк көліктері жетекші көпірінің арқалығын жасайтын өндірісті кеңейтуге арналған үшінші жоба қолға алынады. Оның көмегімен Қазақстан аумағында аталған өнімнің өндірісін оқшаулау деңгейі 70% көбейтіледі деп естелінген.

Қостанайда екі зауыттың құрылысы жүріп жатыр

 

Айта кетейік, аталған жобалар Қостанай облысының басшылығы мен ресейлік кәсіпорынның өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. Бүгінге дейін «KamLitKZ» серіктестігінің жобаларына 300 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылды.

Мамандар алдағы күндері шамамен 1330 жұмыс орны ашылады деп отыр. Таяуда өткен екі жақты кездесуде білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері де қосымша пысықталған еді. Зауыттарға кадр даярлауда Қостанайдағы оқу орындары негізгі білім базасына айналмақ. 

Машина жасау саласындағы тың жобалар жүзеге асқанда өңірге шамамен 350 млрд теңге инвестиция тартылып, 1,4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Лисаков қаласында кремний карбидін өндіретін зауыт салу да аймақ экономикасын жаңаша серпін берері анық. Құны 26 млрд теңгеден асатын кәсіпорында 230 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр, – деді Қостанай облысының кәсіпкерлік және индурия-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жаныспаев.

Өзгелердің жаңалығы