Қазақстаннан тыс жерде тұратын азаматтар Құрылтай депутаттарын сайлауға алғашқылардың бірі болып дауыс бере бастады. Уақыт айырмашылығына байланысты Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері бірінші болып ашылды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алдымен Сеулдегі №422 сайлау учаскесі, кейін Токиодағы №425 учаске өз жұмысын бастады.
Дауыс беру Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінде өтіп жатыр. Бұл шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына өздерінің сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сайлауға дейінгі кезеңде саяси бірлестіктер сайлаушылармен кездесулер өткізіп, өз бағдарламаларын таныстырған және пікірсайыстарға қатысқан.
Қазіргі сайлауға жеті саяси партия қатысып жатыр. Олар:
23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Дауыс беру қорытындысы бойынша азаматтар бес жыл мерзімге 145 депутаттан тұратын жаңа құрамды қалыптастырады.