Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқан қазақстандықтардың саны сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 8,2 млн дауыс берушіден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова мәлімдеді.
BAQ.KZ/Мақпал Орынбек
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады, - деп атап өтті Әсел Жанәбілова.
BAQ.KZ/Мақпал Орынбек
1. Астана қаласы бойынша – 46,38%. 2. Абай облысы бойынша – 71,18%. 3. Ақмола облысы бойынша – 73,69%. 4. Ақтөбе облысы бойынша – 75,63%. 5. Алматы облысы бойынша – 67,23%. 6. Атырау облысы бойынша – 63,37%. 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,81%. 8. Жамбыл облысы бойынша – 69,11%. 9. Жетісу облысы бойынша – 77,03%. 10. Қарағанды облысы бойынша – 70,91%. 11. Қостанай облысы бойынша – 70,09%. 12. Қызылорда облысы бойынша – 81,38%. 13. Маңғыстау облысы бойынша – 65,86%. 14. Павлодар облысы бойынша – 67,06%. 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,94%. 16. Түркістан облысы бойынша – 76,73%. 17. Ұлытау облысы бойынша – 64,29%. 18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,33%. 19. Алматы қаласы бойынша – 36,65%. 20. Шымкент қаласы бойынша – 67,92%.
Айта кететін жайт, жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.