Құрылтай сайлауы: Малайзияда №423 учаске жұмысын бастады

Бұған дейін екі елдегі отандастарымыз дауыс берді.

 СІМ / телеграмм 23 Тамыз 2026, 04:35
23 Тамыз 2026, 04:35
92
Фото: СІМ / телеграмм

Қазақстан азаматтары шетелде де өз таңдауын жасауда. Малайзиядағы №423 сайлау учаскесі қазақстандықтар үшін дауыс беру мүмкіндігін ашқан кезекті учаске болды.

Шетелдегі сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері аумағында ұйымдастырылған. Уақыт белдеуіне байланысты шетелдегі отандастарымыз Қазақстандағы сайлау учаскелері ашылғанға дейін өз дауыстарын бере бастады.

Малайзиядағы учаскенің ашылуымен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отандастарымыз да елдің саяси өміріндегі маңызды тарихи үдеріске қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін Сеул мен Токиодағы сайлау учаскелері ашылып, ол жақтағы отандастарымыз дауыс беруді бастаған болатын.

Наверх