Экс-депутат Абзал Құспан Астана қаласындағы №175 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол сайлауға қатысу әр азаматтың борышы екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, отбасы мүшелері бірде-бір сайлаудан қалмауға тырысады.
Сайлау – біздің азаматтық борышымыз. Қазір депутат болмасам да, дауыс беру – біздің отбасылық дәстүріміз. Орал қаласында жүргенде де сайлаудан ешқашан қалған емеспін. Бұған дейінгі сайлауларға көңілің толмаған күннің өзінде азаматтық даусыңды беруге міндеттісің деп есептеймін. Ешкімге ешқандай өкпем жоқ. Сайлауға қатысу – әр азаматтың борышы, – деді Абзал Құспан.
Ол жаңбырлы ауа райына қарамастан, таңертеңнен бері сайлаушылардың белсенділігі байқалғанын жеткізді.
Мені таңғалдырғаны – жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан, дауыс беруге келушілердің қарқыны жаман емес. Басқа әріптестеріме де хабарласып білдім, таңертеңнен бастап адамдар сайлау учаскелеріне келіп жатыр, – деді экс-депутат.
Сонымен қатар, Ерлан Қошанов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Ол сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, азаматтық борышын орындады.
Еске салсақ, ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.
Мәулен Әшімбаев та Астанадағы №129 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Елордадағы №128 сайлау учаскесінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да келіп, өз таңдауын жасады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының экс-депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор, Марат Башимов Құрылтай сайлауының маңызына тоқталып, өз даусын берді.
Ал Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев №169 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.