Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және қазақ халқын Құрылтай депутаттары сайлауының өтуімен құттықтады.
Құттықтау жолдауында Садыр Жапаров сайлау қорытындысы бойынша қалыптасатын Құрылтай Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.
«Азаматтардың еркін ерік білдіру қорытындылары бойынша қалыптасқан Құрылтай Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына терең сенімдімін», – делінген жолдауда.
Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар халықтың әл-ауқатын арттыруға және Қазақстанның одан әрі өркендеуіне бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ Садыр Жапаров Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығая беретініне үміт білдірді.
«Стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың қырғыз-қазақ қатынастары екі ел халықтарының игілігі үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азияда бейбітшілікті, тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз ету мүддесі үшін жаңа мазмұнмен толыға отырып, алдағы уақытта да дәйекті түрде нығая беретініне үміт білдіремін», – деді ол.
Садыр Жапаров Қазақстан Президентіне денсаулық пен мемлекеттік қызметінде табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.