Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Таң атқаннан бері сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатқан азаматтар саны артуда.
Шетелдегі дауыс беру Қазақстаннан ертерек басталды. Алғашқы болып Сеул мен Токиодағы сайлау учаскелері ашылып, қазақстандықтар дауыс беруге кірісті.
Алматы облысында сайлау ерекше сипат алды. Жамбыл Жабаевтың 30-ға жуық ұрпағы ақынның әдеби-мемориалдық музейі алдына жиналып, сайлау учаскесіне бірге жаяу барды. Оларды халық күйлерін орындаған домбырашылар сүйемелдеді. Ақынның шөберелері «Жамбыл – 180 жыл» деген жазуы бар киіммен келген.
Ұлытау облысында да ерекше оқиға тіркелді. Қызылжар ауылының 116 жастағы тұрғыны Түймегүл Темірбаева өз таңдауын жасады. 1910 жылы дүниеге келген кейуана алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Ел бойынша дауыс беру жалғасып, сайлау учаскелеріне келушілер қатары көбейіп келеді.