Алматыда халықаралық сарапшылар Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатқанын айтып, баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі, Түркия ҰлыҰлттық Мәжілісінің депутаты Филиз Кылыч Қазақстанның Құрылтайға дайындық деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Атап өткім келетін жайт – біз алты сайлау учаскесінде болдық. Ол жерлерде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жақсы жасалған. Жеті партияның мүшелерімен кездестік. Жалпы сайлау демократияның шарттарына сай өтіп жатыр, - дейді Филиз Кылыч.
Сарапшы учаскелерде ақпарат алыс-берісі де жақсы деңгейде екенін атап өтті.
Біз учаскелерге барған кезде жауаптарымызға жауап ала алдық. Біздің қазір шығарып отырған түйініміз - шынымен бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған, - дейді сарапшы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанадағы №228 сайлау учаскесінде дауыс беру барысын бақылаған Индонезия Республикасының халықаралық байқаушысы Мохамад Фаджроэл Рахман Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірді. Ол Қазақстанда еркін әрі әділ сайлау өтіп жатқанын атап өтті.
Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай сайлауы елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айқындайды. Бұл туралы халықаралық байқаушы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары, Федерация Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Баир Жамсуев мәлімдеді.