Құрылтай сайлауы: Дауыс бергендер саны 9 миллионнан асты

Ел бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 72,15%-ға жетті.

 ©BAQ.KZ 23 Тамыз 2026, 18:12
23 Тамыз 2026, 18:12
181
Фото: ©BAQ.KZ

Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқан қазақстандықтардың саны сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 8,2 млн дауыс берушіден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов мәлімдеді. 


Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы маңызды ақпаратты ұсынды. 


1. Астана қаласы бойынша – 49,87%.
2. Абай облысы бойынша – 77,54%.
3. Ақмола облысы бойынша – 78,95%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 84,95%.
5. Алматы облысы бойынша – 70,04%.
6. Атырау облысы бойынша – 69,05%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 71,15%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 83,99%.
9. Жетісу облысы бойынша – 89,69%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 74,78%.
11. Қостанай облысы бойынша – 75,31%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 88,09%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 70,61%.
14. Павлодар облысы бойынша – 69,99%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,14%.
16. Түркістан облысы бойынша – 90,17%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 68,23%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 85,43%.
19. Алматы қаласы бойынша – 41,06%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 71,89%.

Жалпы еліміз бойынша сағат 18.00-де 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрады. Сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды, - деп атап өтті ОСК хатшысы.

 

Наверх