Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйінде дауыс берді

 https://nazarbayev.kz/kk 23 Тамыз 2026, 14:15
23 Тамыз 2026, 14:15
139
Фото: https://nazarbayev.kz/kk

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жақында бел омыртқасына жасалған операциядан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне бармай, дауыс беру құқығын үйінде жүзеге асырды.

Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес, денсаулық жағдайына байланысты дауыс беру учаскесіне келе алмайтын азаматтарға өздері тұрған жерде дауыс беруге мүмкіндік қарастырылған. Ол үшін сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясына тиісті өтініш береді. 

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх