Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқан қазақстандықтардың саны сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6,6 млн дауыс берушіден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы деректермен Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов бөлісті.
Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады, - деп атап өтті ОСК хатшысы.
1. Астана қаласы бойынша – 40,92%. 2. Абай облысы бойынша – 63,07%. 3. Ақмола облысы бойынша – 61,15%. 4. Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%. 5. Алматы облысы бойынша – 54,57%. 6. Атырау облысы бойынша – 54,49%. 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%. 8. Жамбыл облысы бойынша – 50,58%. 9. Жетісу облысы бойынша – 62,89%. 10. Қарағанды облысы бойынша – 62,79%. 11. Қостанай облысы бойынша – 55,86%. 12. Қызылорда облысы бойынша – 64,22%. 13. Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%. 14. Павлодар облысы бойынша – 54,01%. 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%. 16. Түркістан облысы бойынша – 57,72%. 17. Ұлытау облысы бойынша – 53,31%. 18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%. 19. Алматы қаласы бойынша – 30,36%. 20. Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.
Айта кетерлігі, жалпы еліміз бойынша сағат 14.00-дегі 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12% құрады.
Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды.