Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

Әзербайжан басшысы бұл сайлауды Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын білдіретін маңызды оқиға деп бағалады.

 Ақорда 23 Тамыз 2026, 22:16
23 Тамыз 2026, 22:16
233
Фото: Ақорда

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын жаңа Парламент – Құрылтайға алғашқы сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.

Әзербайжан басшысы бұл сайлауды Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын білдіретін маңызды оқиға деп бағалады.

«Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын бейнелейтін бұл маңызды оқиға Сіздің еліңіздің жан-жақты дамуына, Сіз жүргізіп жатқан ауқымды реформалардың жалғасы мен алдағы міндеттерді іске асыруға қызмет ететініне сенімімді білдіремін. Құрылтайдың жұмысына табыс тілеймін», – делінген құттықтау хатында.

Ильхам Әлиев Қазақстанмен ортақ тарихи тамыр, ұлттық-рухани құндылықтар мен бауырластық байланыстарға негізделген қарым-қатынастарды дамыту Әзербайжан үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Сіздермен белсенді және жемісті саяси диалог Әзербайжан-Қазақстан стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға және оны жаңа мазмұнмен толықтыруға серпін берді», – деді Әзербайжан Президенті.

Ол екі ел арасындағы достық пен стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да бірлескен күш-жігердің арқасында нығайып, халықтардың мүддесі үшін тереңдей беретініне сенім білдірді.

Сөз соңында Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық пен мемлекеттік қызметінде табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.

Наверх