Марат Башимов: Жаңа саяси архитектура қарапайым азаматтардың мүддесіне қызмет етуі тиіс

23 Тамыз 2026, 08:04
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Аида Батухан 23 Тамыз 2026, 08:04
23 Тамыз 2026, 08:04
102
Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының экс-депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор, Марат Башимов Құрылтай сайлауының маңызына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі саяси өзгерістер Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіне ғана емес, экономика мен қоғамдық қатынастардың дамуына да ықпал етеді.

Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

 Бүгінгі күннің тарихи маңызы зор. Бұл өзгерістер еліміздің тарихына ғана емес, Қазақстанның экономикасына, қоғамдық қатынастарына да жаңалық әкеледі. Елімізде жаңа саяси архитектура қалыптасып жатыр. Сондықтан бүгінгі күнді тарихи деп айтуға толық негіз бар, – деді Марат Башимов.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саяси реформалар Қазақстанның одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Президенттің саясаты бізге жаңа жол ашып отыр. Қазіргі халықаралық жағдайды да көріп отырмыз. Сондықтан жаңа Конституциямен бірге жүзеге асып жатқан өзгерістердің маңызы өте жоғары, – деді ол.

Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

Марат Башимов жаңа саяси жүйедегі Халық кеңесінің рөліне де назар аударды. Оның пікірінше, жаңа институттардың заң шығару үдерісіне қатысуы ел азаматтарының мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс.

Халық кеңесі құрылады. Оның заң шығару үдерісіндегі орны да маңызды болады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, қарапайым азаматтарымызға пайдасын тигізуі керек, – деді ол.

Ол бүгін сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, дауыс берді.

Наверх