10 мың шақырымдық жол: Өскеменде халықаралық ралли мәресіне жетті

Ралли мәресінде қала тұрғындары мен қонақтары әлемнің әр түкпірінен келген саяхатшылармен кездесті.

 ШҚО әкімдігі 23 Тамыз 2026, 16:47
23 Тамыз 2026, 16:47
115
Фото: ШҚО әкімдігі

Облыс орталығында «Mongol Rally» халықаралық автошеруі мәресіне жетті. Биыл оған әлемнің 26 елінен 120-дан астам команда қатысты.

Саяхатшылар 10 мың шақырымнан астам жол жүріп, ұзақ сапарын Шығыс Қазақстанда аяқтады. Халықаралық ралли осымен үшінші рет Өскеменде мәреге жетіп отыр.

Іс-шараға Англия, Австралия, Болгария, Бельгия, Германия, Дания, Италия, Испания, Ирландия, Канада, Норвегия, Нидерланд, Жаңа Зеландия, АҚШ, Словения, Франция, Швеция, Швейцария және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Сапар барысында олар өңірдің табиғаты мен көрікті жерлерімен танысып, алған әсерлерін әлеуметтік желілерде бөлісті.

Ралли мәресінде қала тұрғындары мен қонақтары әлемнің әр түкпірінен келген саяхатшылармен кездесіп, олармен тілдесуге және түрлі елдердің мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Наверх