Құрылтай сайлауы: 2,6 млн-нан астам қазақстандық өз таңдауын жасады

Сағат 12:00-ге дейін ел бойынша 4,6 млн-нан астам сайлаушы бюллетень алды.

 ©BAQ.KZ/Мақпал Орынбек 23 Тамыз 2026, 12:00
23 Тамыз 2026, 12:00
130
Фото: ©BAQ.KZ/Мақпал Орынбек

Соңғы мәліметке сәйкес, 2,6 млн-нан астам қазақстандық Құрылтай сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік мәлімдеді.

Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады, - деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.

1. Астана қаласы бойынша - 35,28%.
2. Абай облысы бойынша – 38,51%.
3. Ақмола облысы бойынша – 39,57%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 42,53%.
5. Алматы облысы бойынша – 39,05%.
6. Атырау облысы бойынша – 35,84%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 35,49%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 35,54%.
9. Жетісу облысы бойынша – 47,29%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 40,56%.
11. Қостанай облысы бойынша – 34,72%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 47,59%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 34,68%.
14. Павлодар облысы бойынша – 35,74%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 38,13%.
16. Түркістан облысы бойынша – 43,14%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 34,93%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,89%.
19. Алматы қаласы бойынша – 17,87%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 41,60%.

Айта кетерлігі, жалпы еліміз бойынша сағат 12.00-де 4 670 816 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05%-ын құрады.

Наверх