Атыраудың күші: Рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

23 Тамыз 2026, 12:35
АВТОР
 Өңірлік коммуникациялар қызметі 23 Тамыз 2026, 12:35
23 Тамыз 2026, 12:35
140
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұған дейін жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреп, ел рекордын орнатқан Ерсейіт Бралин сайлау күні жаңа күштік перформанс көрсетті. Бұл жолы спортшы сайлау учаскесінің алдында КамАЗ жүк көлігін сүйреп өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайлау учаскесінің маңында арнайы алаң дайындалып, рекордшы көпшілік алдында өзінің күшін тағы бір мәрте паш етті. Өнер көрсетілімінен кейін Ерсейіт Бралин сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Сайлау күніндегі ерекше бастамалар мұнымен аяқталған жоқ. Рекордшы өз қолымен арматураны майыстырып, одан сайлау күніне орай «23» санын жасады. Осылайша күштік перформанс дауыс беру күнімен үндескен символдық мазмұнға ие болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх