Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Біз бұл сайлауды Мемлекет басшысы жүргізіп отырған кешенді реформалардың заңды жалғасы деп қабылдаймыз. Соңғы жылдары Президенттің басшылығымен барлығымыз бірге Әділетті Қазақстан құрып келеміз. Бұл үдерістің жаңа кезеңі жаңа Конституцияның қабылдануымен басталды, – деді Мәулен Әшімбаев.
Ол қазақстандықтарды сайлауға белсенді қатысып, азаматтық борышын орындауға шақырды.
Еліміздің болашағы үшін әрбір дауыс маңызды. Сондықтан бүгін азаматтарды сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Барша қазақстандық елдің келешегі үшін дауыс береді деп сенемін, – деді ол.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Құрылтай сайлауы елдегі саяси жаңғыру үдерісінің маңызды кезеңдерінің бірі.