Алматыда 100 жастағы майдангер өз таңдауын жасады

Ғасырлық ғұмыр кешкеніне қарамастан, ол қоғамдық маңызы бар шаралардан шет қалмай, азаматтық ұстанымын айқын көрсетіп келеді.

23 Тамыз 2026, 10:36
АВТОР
 Алматы қаласының ӨКҚ 23 Тамыз 2026, 10:36
23 Тамыз 2026, 10:36
189
Фото: Алматы қаласының ӨКҚ

Алматыдағы Жетісу ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, 100 жастағы Илья Григорьевич Кудин сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Құрметті ардагердің дауыс беруге қатысуы көпшілікке үлгі болды. Ғасырлық ғұмыр кешкеніне қарамастан, ол қоғамдық маңызы бар шаралардан шет қалмай, азаматтық ұстанымын айқын көрсетіп келеді.

Илья Григорьевичтің өмір жолы – батылдықтың, табандылықтың және Отанға адал қызмет етудің жарқын көрінісі. Бүгінде де ол ел тағдырына бейжай қарамайтын белсенді азамат ретінде жастарға өнеге көрсетіп отыр.

Ардагердің сайлауға келуі қоғамдағы жауапкершілік пен белсенділіктің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Құрылтай сайлауында 90 жастағы Сақыпжамал Райымбекқызы өз таңдауын жасап, тұрғындарды белсенді өмір салтын ұстануға үндеді.

Наверх