Егістіктен – сайлау учаскесіне: Қонаевта шаруалар Құрылтай сайлауына техникамен келді

 23 Тамыз 2026, 17:11
23 Тамыз 2026, 17:11
136

Егін даласындағы қызу жұмысқа қарамастан, Қонаев қаласы Шеңгелді өңірінің шаруалары Құрылтай сайлауында өз азаматтық таңдауын жасауға уақыт тапты. Бірі картоп жинап, бірі қысқы мал азығын дайындап жатқан 10 шаруа қожалығының өкілдері сайлау учаскесіне тракторларымен және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларымен келіп, дауыс берді.

Олардың қатарында биыл 30 гектар аумақты игерген «Дидар» шаруа қожалығы бар. Қожалық картоп, жүгері, жоңышқа және бидай егумен айналысады. Қазір жүгері жинау науқаны қызып тұр.

Кез келген сайлауға қатысу тұрғын ретінде, Қазақстан азаматы ретінде жауапкершілігіміз. Егістіктегі қауырт жұмысқа қарамастан, Құрылтай сайлауына келіп, дауыс бердік. Ел іргесі мығым, тәуелсіздігіміз тұрақты болсын. Шаруалардың егіні бітік өсіп, дастарханымыздан нанымыз арылмасын, - деді қожалық басшысы Темірхан Бершімбеков.

Қызу науқан, шаң басқан техника, дала төсіндегі тынымсыз еңбек. Ал оның арасында сайлау учаскесіне қарай бет алған тракторлар − ауыл еңбеккерлерінің ел өміріне бейжай қарамайтынының өзіндік көрінісіне айналды.

Айта кетейік, Шеңгелді ауылдық округінде 7 сайлау учаскесі бар. Оның алтауы – ашық, біреуі – жабық.

Наверх