Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Құрылтай сайлауында таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шаһар басшысы сайлау учаскесіне келіп, халықпен бірге кезекте тұрып, таңдауын жасаған.
Фото: Дархан Сатыбалдының әлеуметтік парақшасынан
Біз тарихи сәттің – Құрылтайдың алғашқы сайлауының куәсі әрі қатысушысымыз. Еліміз өзінің саяси тарихындағы жаңа кезеңге қадам басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлау алдындағы үндеуінде атап өткендей, біздің болашағымыз әрқайсымыздың саналы таңдауымызға байланысты. Қазақстанның жарқын келешегі әр азаматтың жауапкершілігі мен адалдығынан басталады, - деді Дархан Сатыбалды.
Айта кетейік, №159 мектептегі сайлау учаскесінде дауыс берген.
Бұған дейін Алматыда 100 жастағы майдангер өз таңдауын жасағаны хабарланды. Ғасырлық ғұмыр кешкеніне қарамастан, ол қоғамдық маңызы бар шаралардан шет қалмай, азаматтық ұстанымын айқын көрсетіп келеді.